Ыстамбұлдық "Бешикташ" Түркия Суперлигасының 3-турында "Коньяспор" командасын сырт алаңда 2:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Голдарды Угуржан Язғылы (автогол) мен Венсан Абубакар соқты. Қазақстандық жартылай қорғаушы ойынды негізгі құрамда бастады. Оны 82-минутта Онура Болат ауыстырды.
Бактиер Зайнутдинов Түркия Суперлигасының осы маусымында барлығы 5 матч өткізді. Әзірге нәтижелі әрекеттерімен ерекшеленбеді.
SofaScore талдау порталы Зайнутдиновтың ойынын 6,5 баллға бағалады.
"Бешикташ" қазіргі уақытта Түркия Суперлигасында 4-орнында келеді.