25.10.2023
10:52
1099
Зарина Райфова дзюдодан Азия пара ойындарының күміс жүлдегері атанды

Зарина Райфова дзюдодан Азия пара ойындарының күміс жүлдегері атанды

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия пара ойындарында дзюдошы Зарина Райфова күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап. 

Зарина J2 санаты бойынша 70 келіге дейінгі салмақта финалдық белдесуде әлем чемпионы, алаң қожайыны Хуньюй Ванмен белдесіп, 0:10 есебімен есе жіберді.

Зарина А тобындағы бірінші кездесуінде Азия пара ойындарының екі мәрте қола жүлдегері, жапониялық Ацуми Нисимурадан 10:0 есебімен айласын асырған еді.

Осылайша, Қазақстан қоржынына жетінші күміс медаль түсті.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын параспортшы Нұрдәулет Жұмағалидың Қазақстанға бесінші алтынды иеленген еді.