27.06.2024
17:41
1182
Зарина Дияс «Уимблдон» турнирінің іріктеу сынында финалға шықты

Зарина Дияс «Уимблдон» турнирінің іріктеу сынында финалға шықты

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс «Уимблдон» турнирі іріктеу додасында финалға шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

WTA рейтингінде 967-орында тұрған Дияс әлемнің 138-ракеткасы, америкалық Сачия Викериді жеңіп кетті.

Есеп -  3:6, 7:5, 7:5. 

Зарина Дияс іріктеу кезеңінің финалында әлемнің 92-ракеткасы, қытайлық Чжосюань Бай немесе рейтингіде 194-сатыда тұрған таиландтық Ланлана Тарарудидің қай жеңгенімен таласады.