21.10.2024
04:26
1414
Зарина Дияс ITF турнирінде топ жарды

Зарина Дияс ITF турнирінде топ жарды

Екі жылға жуық үзілістен соң жуырда ғана кортқа қайта оралған қазақстандық теннисші Зарина Диас Түркиядағы турнирде топ жарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандық теннисші финалда әлемнің 224-інші, осы жарыстың үшінші ракеткасы белорус Алена Фалеймен кездесіп, алғашқы кезеңде 0:6 есебімен ұтылды.

Дегенмен Диас камбэк жасап, келесі екі сетте жеңісті жұлып алды. Ойын 2 сағат 6 минутқа созылды.

Бұған дейін Кайсери турнирінде Диас румыниялық Патрисия Мария Цигті (256-орын) 3:6, 6:4, 6:2, неміс Пиа Префкені (рейтингте жоқ) 7:6, 6:1, түрік теннисшісі Дениз Дилекті (рейтингте жоқ) 6:0, 6:2 және ресейлік Екатерина Маклакованы (485-ші орын) 6:1, 6:2 есебімен жеңді.