Зарина Дияс Аустралия ашық чемпионатына қатысады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қазақстандық теннисші, әлемдік рейтингтің 283-орнында тұрған Зарина Дияс Чэнду (Қытай) қаласында өткен Азия–Тынық мұхит аймағының іріктеу турнирінде топ жарып, Australian Open-ге қатысу құқығына ие болды.
Финалда ол тайбэйлік Лян Эньшуомен кортқа шығып, сенімді ойын көрсетті. Екі сетте де қарсыласынан басым түскен Зарина матчты 6:3, 6:4 есебімен аяқтап, негізгі турнирге жол ашты.