15.05.2025
17:50
1048
Зарина Диас Жапониядағы турнирдің ширек финалына шықты

Зарина Диас Жапониядағы турнирдің ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші Зарина Диас Жапонияның Куруме қаласында өтіп жатқан турнирдің 1/8 финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ширек финалға шығу үшін өткен матчта Диас жапониялық Лиза-Мария Риуге қарсы ойнады.

Кездесу 6:1, 6:3 есебімен қазақстандық спортшының пайдасына аяқталды.

Енді Заринаның келесі қарсыласы – тағы бір жапониялық теннисші Момоко Кобори болмақ.