22.06.2025
19:33
11303
Зарина Диас Испаниядағы турнирде жеңімпаз атанды

Зарина Диас Испаниядағы турнирде жеңімпаз атанды

Қазақстандық теннисші Зарина Диас (WTA рейтингінде 275-орын) Испанияның Таусте қаласында өткен ITF W35 санатындағы турнирдің чемпионы атанды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Жарыстың екінші ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші финалға дейін іркілмей жетті.

Соңғы бәсекеде Зарина әлемдік рейтингіде 446-орында тұрған италиялық Дилетта Керубинимен кездесті. ойын 6:1, 6:7 (4:7), 6:1 есебімен қазақстандық теннисшінің пайдасына шешілді.

Бұл Зарина үшін ITF аясындағы 12-титул болды.

Сондай-ақ ол бұған дейін WTA 250 санатындағы бір турнирде жеңіске жеткен.

Бұған дейін қазақстандық теннисші Александр Бубликтің Германияның Галле қаласында өтіп жатқан ATP-500 санатындағы беделді турнирдің финалына жолдама алғаны туралы жазғанбыз