Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы Үкімет қаулысы әзірленді

13 Желтоқсан 2022, 17:24 8062

ҚР «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңының 32-бабына сәйкес Қорғаныс министрлігі «Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысын әзірледі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің ресми сайтында жарияланды.

Нормативтік құқықтық актінің жобасы 2023 жылы әскери қызметке шақырылуға жоспарланған запастағы офицерлердің жалпы санын қамтиды. Сондай-ақ, шақыруға жоспарланған мемлекеттік органдардың атаулары да көрсетілген.

Қаулы жобасының толық мәтінімен «Ашық НҚА» бөліміндегі «Электрондық үкімет» порталында осы жылдың 27 желтоқсанына дейін мына сілтеме арқылы танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14337022  

 

EL.KZ
Бөлісу: