Заңғар Нұрланұлы Азия теннис федерациясы рейтингінде I-орынға көтерілді

10 Маусым, 03:19 317

Азия теннис федерациясының (ATF) жаңартылған рейтингінде 16 жасқа дейінгі ұлдар арасында Заңғар Нұрланұлы бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

15 жастағы қазақстандық 2610 ұпай жинады. Мамыр айында Қазақстан құрамасының сапында Азия/Океания жасөспірімдері Дэвис кубогының іріктеу кезеңінде Заңғар Нұрланұлы жекелей сында алты кездесу өткізіп, қарсыластарына бірде-бір сетте жеңілмей, барлығында жеңіске жетті. 

Қазақ теннисшісінің қазір ITF Junior 4 титулы бар: үшеуі жекелей, біреуі жұптық.

Перизат Саденова
Бөлісу: