27.04.2023
17:00
1020
Заңды белшесінен басқан. Жол ережесін 68 рет бұзған көлік жүргізушісі ұсталды

Заңды белшесінен басқан. Жол ережесін 68 рет бұзған көлік жүргізушісі ұсталды

Петропавлда өткен жылдың қараша айынан биыл сәуірге дейін жол қозғалысы ережесін 68 мәрте бұзған жүргізуші анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Polisia.kz мәліметінше, ол шетелдік тіркеуде тұрған «Lada Priora» автокөлігімен жүріп, жарты жылдың ішінде жылдамдықты 68 рет асырып, тоқтау сызығынан өтіп кеткен. Айыппұлдың жалпы сомасы 1,5 млн теңгені құрап отыр.

35 жастағы азаматқа қысқартылған тәртіппен 700 мың теңгеден астам ақша төлеуге тура келді.