Мультимедиа
Заң және тәртіп: Блогерлер табысы қалай қадағаланады?
31 Қазан 2025, 12:20

Заң және тәртіп: Блогерлер табысы қалай қадағаланады?

Блог жүргізесіз бе? Онда бұл шығарылым сіз үшін! Бүгінгі шығарылымда еліміздегі блогерлер қызметіне қатысты қабылданған жаңа заң мен оның қоғамдағы әсері кеңінен талқыланды. Сарапшылар әлеуметтік желіде жарияланатын ақпараттың заңдық жауапкершілігі, блогерлердің салық төлеу міндеттері және онлайн контенттің құқықтық реттелуі туралы ой бөлісті. Заңгер Нұрболат Ибраев заң талаптарының мәні мен орындалу механизмін түсіндірсе, Әлия Сәкенқызы блогерлер қауымдастығының пікірін жеткізіп, өз тәжірибесімен бөлісті. Бағдарлама барысында заң мен еркін пікір айту арасындағы тепе-теңдік, сондай-ақ блогерліктің қоғамдағы рөлі туралы да маңызды мәселелер көтерілді. Толығырақ білу үшін шығарылымды көріңіз. Сондай-ақ, арнаға тіркеліп, пікір жазыңыз, ең өзекті тақырыптарды бірге талқылайық! 

EL.KZ

Тағы да көріңіз