Бұл жобада заңгер Орынбасар Тілепберген қоғамда жиі талқыланатын қылмыс пен даулы істерге кәсіби тұрғыдан баға береді. Біз нақты оқиғаларды талдап, заң тұрғысында қандай бап қолданылады, қандай жаза қарастырылған және бұл жағдайдан қоғам қандай сабақ алуы керек? деген мәселелерге жауап іздейміз. Әр шығарылым тек талдау емес, сонымен қатар құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталады. Мақсатымыз: көрерменге заңның қалай жұмыс істейтінін түсіндіру, өз құқығын білуге және оны қорғауға ынталандыру. Бүгінгі шығарылымда ел назарын аударған бірнеше өзекті тақырыптар сөз болды. Олардың қатарында: мүгедек жүргізушіні келеке етіп видеоға түсірген блогер Нұрилә Аманбаеваның әрекеті, 6 сыныптасы соққыға жыққан Қызылордадағы жасөспірімнің оқиғасы, педофильдерге кастрация жасау мәселесі, Алматыда вафельді жолақтардың сызылуы және Түркістан облысында екі полицейдің есірткі сатты деген күдікпен ұсталуы. Әр тақырыпта заңгер Орынбасар Тілепберген өз пікірін, дәлелдерін және кәсіби көзқарасын ортаға салады. Толығырақ білу үшін шығарылымды көріңіз!