«Заң және тәртіп» - қоғамдағы өзекті құқықтық тақырыптарды талқылайтын подкаст. Бүгінгі шығарылымда біз қоғамда жиі кездесетін, бірақ көп жағдайда еленбей қалатын мәселе - вандализм тақырыбын сөз етеміз. Қоғамдық орындарды бүлдіру, граффити салу, мүлікті қасақана зақымдау мұның бәрі заң бойынша жауапкершілікке әкелетін әрекеттер. Шығарылымда заңгер Жандос Палманов вандализмнің құқықтық салдарын, оның артындағы психологиялық және әлеуметтік себептерді талқылады. Сондай-ақ, ҚР Қылмыстық кодексіндегі бүлдіру мен қорлау әрекеттеріне қатысты баптардың мазмұнын түсіндіріп, нақты мысалдар арқылы жауапкершілік түрлерін талдап өтті. Толығырақ білу үшін шығарылымды көріңіз.