Заң бұзған танымал актрисаға айыппұл салынды

22 Қаңтар, 05:26 1482

Алматы қалалық полиция департаменті 16 қаңтарда әлеуметтік желілерге жүргізген мониторинг барысында Hongqi маркалы көлігінің жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін бұзғанын анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Құқық бұзушыға қауіпсіздік белдіктерін пайдалану және көлік құралын міндетті сақтандыру шартымен жүргізу ережесін сақтамағаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды, – делінген хабарламада.

Әлеуметтік желі қолданушылары айыппұл салынған қыздың танымал актриса әрі продюсер Құралай Анарбекова екенін жарыса жазды.

Бұл оқиғаның болғаны рас. Түсірілімге бола рулге 15 секунд отырдым. Видеоны әлеуметтік желіге салған мен емес едім, қазір бұл видео жоғалып кетті. Мен көлік жүргізбеймін, жүргізушім бар. Рулге отырғаннан кейін қауіпсіздік белдігін тағуды ұмытып кетіппін. Айыппұлды төледім, – деді актриса Tengrinews.kz тілшісіне. 

Сондай-ақ өнер иесі басынан өткен қателік басқаларға сабақ болғанын да айтты. 

Көліктің иесі – өзім. Бірақ оны сирек жүргіземін. Бұл оқиға менің командама сабақ болды. Мен заңды бұзбаймын. Біздің органдардың қалай жұмыс істейтінін көріп, риза болдым. Енді қайталамаймын. Бағдаршамға бағынып, белдікті тағып, жол ережесін сақтап жүріңіздер, – дейді ол.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Алматы қаласының ПД (@almaty_police_department)

Перизат Саденова
Бөлісу: