Мультимедиа
Заманауи резеңке өнімдері қалай жасалады?
28 Қараша 2025, 14:14

Заманауи резеңке өнімдері қалай жасалады?

«Біздің Brand» шығармашылық тобы «Polymet Solutions Corporation» өндіріс орнына барып, жұмыс процесімен жақын танысып қайтты. «Polymet Solutions Corporation» - резеңке, полимер және техникалық бұйымдар өндіретін, заманауи технологияларды қолданатын жоғары деңгейдегі кәсіпорын. Мұнда өндірістің әр кезеңі толық автоматтандырылған: шикізатты дайындау, қалыпқа салу, вулканизация және сапаны бақылау. Барлығы нақты стандарттармен жүргізіледі. Өндіріс цехында біз мамандардың әр бөлшекті мұқият тексеріп, оның сапасына ерекше мән беретінін көрдік. Компанияның негізгі өнімдері машина жасау, құрылыс, көлік және тау-кен салаларына қажетті резеңке-техникалық бұйымдар. Полимерлік компоненттері жоғары температураға, қысымға және ауыр жүктемеге төзімділігімен ерекшеленеді. Кәсіпорын бүгінгі таңда өндірісін үнемі жетілдіріп, жаңа технологиялармен жұмыс істеп, нарықты сапалы, сенімді және халықаралық стандарттарға сай өніммен қамтамасыз етуде. Толығырақ шығарылымнан көріңіз.

Тағы да көріңіз