«Зәкеңнен үлгі алыңдар!»: мәнті түйген Заттыбек Көпбосынұлының әрекеті қызу талқыланды

4 Қыркүйек, 21:07 489

Көпшілік қазақстандық танымал әнші Заттыбек Көпбосынұлының қарапайымдылығына тағы бір тәнті болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Желіде өнер иесінің ас үйде әйеліне мәнті түйісіп көмектесіп жүрген видеосы тарады.

Жігіттер, әйелдеріңе көмектесіңдер! – деді әншінің өзі.

Желі қолданушыларының пікірі әртүрлі, бірі мұның дұрыстығын айтса, енді бірі ер адамның ас үйде жүргенін құптамаған.

«Зәкеңнен үлгі алыңдар!», «Отбасына деген қамқорлығы бір төбе», «Үйінің берекелі екені көрініп тұр», «Керемет көрініс екен», «Ұят-ай, ас үйден шығыңыз», «Әйеліңіз төрт мәнтіні өзі де түйе алады», «Ер адамның тамақ пісіргенін қабылдай алмаймын», – деп жазып жатыр оқырман.  

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Заттыбек Көпбосынұлы (@zattybek)

Зарина Арман
Бөлісу: