Заңсыз ойын бизнесін ашқан қызылордалық азамат жазаланды

8 Қыркүйек 2022, 11:37 785

200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды

ҚМА Қызылорда облысы бойынша департаментінің заңсыз ойын бизнесіне қатысты қылмыстық ісі бойынша сот шешімі шықты, деп хабарлайды El.kz

Қызылорда қаласының тұрғыны 33 жастағы Марат Даулетов үстіміздегі жылдың наурыз-сәуір айларында екі пәтерді жалға алып, заңсыз ойын орнын ашқан. 

Заттай дәлелдеме  ретінде танылып, ойын орнынан 20 компьютер, 4 «ZOOM» ойын аппараты,  1 модем,  ақша мемлекет пайдасына өндірілді.  

Сарапшы қорытындысымен және куәгерлердің жауабымен М.Даулетовтың кінәсі толығымен дәлелденіп, оған сот шешімімен 200  айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.

ҚМА азаматтарды патологиялық құмар ойындарға тәуелділіктен қорғау мақсатында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру орындарын анықтау және оларға тосқауыл қою жұмыстарын жалғастырады.

Бөлісу: