23.08.2022
04:48
1429
Заңсыз қазбамен айналысқан трансұлттық қылмыстық топ ұсталды

Заңсыз қазбамен айналысқан трансұлттық қылмыстық топ ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті құрамында Қазақстан және жақын шетел азаматтарынан құралған трансұлттық қылмыстық топ әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды EL.KZ комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олар 2019-2021 жылдары Ақмола облысының аумағында өкілетті органның арнайы рұқсатынсыз 233 мың тоннадан аса пайдалы қазбаларды қазып шығарып, өңдеп және өткізіп отырған. Қылмыстық топтың заңсыз әрекетінің нәтижесінде мемлекетке 1,2 млрд теңгеден астам аса ірі көлемде залал келтірілген - делінген комитет хабарламасында.

Іс сотқа жолданды.