Қызылорданың қоғам белсенділері Елбасының Жолдауын талқылады

12 Қазан 2018, 02:50 1812

Қызылорда қаласындағы Достық үйінің мәжіліс залында Жолдаудың негізгі бағыттарын түсіндіруге қатысты кеңейтілген отырыс өтті.

Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанынан құрылған Ғылыми-сараптамалық топтың Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа Жолдауын түсіндіру мен насихаттау бойынша кеңейтілген отырысы өтті.

Отырыс модераторы – облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ләйлә Төрешова этномәдени бірлестіктің, жоғарғы оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттерінің, «Жаңғыру жолы» ЖҚ мүшелерінің өкілдерімен Жолдаудың негізгі бағыттарын талдап, ойларын ортаға салды.

Бөлісу: