Қызылордада жастар Слеты өтті

21 Қазан 2018, 01:08 1744

Қызылорда қаласындағы Достық үйінде облыстық жастар Слеты өтті.

Оның жұмысына  түрлі этнос жастары, орта арнаулы және жоғары оқу орындарының студенттері, Жас Отан жастар қанатының мүшелері, облыстық жастар ресурстық орталығының қызметкерлері, жастар ұйымдарының басшылары мен белсенді мүшелері қатысты.

След модераторы - облыстық ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы төрағасының орынбасары Демиденко Евгений Слетқа қатысушыларды құттықтап, жастар қозғалысының жұмысына тоқталды.

«Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы осы уақыт аралығында бірқатар  жұмыстарды атқарып үлгерді. Қазіргі таңда қозғалыстың 50-ден астам жас мүшесі бар. Сонымен қатар штаб жанынан жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына белсенді 10 жас сайланды. Бүгінде жастар қозғалысы аудандардағы жастармен толықтыру жұмыстарын қарқынды  жүргізуде. Өңірлік «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының жұмысын жетілдіру мақсатында Достық үйінен арнайы кабинет берілді», - деп сөзін қорытты жас көшбасшы.

Өз кезегінде сөз алған облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ләйлә Төрешова мемлекет тарапынан жастарға ерекше көңіл бөлініп отырғанын алға тартты.

«Бүгінде қазақстандық жастар үшін барлық жағдай жасалған. «Жұмыспен қамту-2020» Жол картасы», «Жастардың кадрлық резерві», «Дипломмен ауылға», «Жасыл ел», «Білім мен ғылымды дамыту», «Үш тілде білім беруді дамытудың бағдарламасы», «Серпін», «Мәңгілік Ел жастары – индустрияға» жобалары жарқын болашаққа жетелейді.

Бұл Қазақстанда орнаған бейбітшілік пен бірліктің арқасында атқарылған жұмыстар. Қазіргі таңда қазақ жерінде қалыптасқан достық пен келісім арқасында 135 этностар мен 18 конфессиялар бейбіт өмір кешуде.

Саяси тұрақтылықты, қоғамдық келісімді іске асыруда Қазақстан халқы ассамблеясы жетекші роль атқарады. Ассамблеяның беделі мен мәртебесі өсіп, Қазақстанды бейбітшілік пен татулық орныққан ел ретінде бүкіл әлемге танымал етті», - деп сөзін қорытты спикер.  

Слет аясында пікірталас сайысы ұйымдастырылды.

Слет соңында достықты, бірлікті нығайтуға бағытталған қоғамдық жұмыстарға, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен өткізілген мәдени шараларда айрықша белсенділік танытқан жастар мақта қағаздарымен және алғс хаттармен марапатталды.

 

Бөлісу: