06.06.2022
12:37
2601
Қызылордадағы ауруханада 14 млн теңгеден астам ақша ұрланған

Қызылордадағы ауруханада 14 млн теңгеден астам ақша ұрланған

Қаржылық мониторинг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаментімен жүргізілген сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу дерегі бойынша қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды El.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап.

«Жаңақорған аудандық ауруханасының бірнеше қызметкері өздерінің қызмет бабын пайдалана отырып, 2015-2019 жылдар аралығында өзара келісімге келу арқылы іс-сапар шығындарын ресімдеп, ірі мөлшерде қаражат жымқырған. Яғни, шын мәнінде іс-сапарға бармаса да, құжат жасап, өз есеп шотына іс-сапар шығындары ретінде түсетін ақшаны аударуға және қолма-қол шешіп беруге келісім беретін аурухана қызметкерін тауып, банкомат картасына аударып, шешіп алу арқылы ірі мөлшерде мемлекет қаржысын иемденіп алуды жүзеге асырған», - деді Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов. 

Оның айтуынша, тергеу барысында аудиторлық тексерулер, бірнеше комиссиялық сарапшылар қорытындысын негізге ала отырып, сот-бухгалтерлік сараптамасы тағайындалған.

«Нәтижесінде «Жаңақорған ауданаралық ауруханасы шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына 14 млн теңгеден астам залал келтірілгені анықталды», - деп айтты Әлібек Әбділов.»

Сот аудандық ауруханада әр жылдарды қызмет атқарған М.Сатыбалдиева мен З.Шомантаеваны кінәлі деп танып, есепшілік және материалдық жауапкершілігі жүктелетін қызметтер атқару құқығынан 2 жыл мерзімге айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Үшінші тұлға М.Бурисбаев 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын алды.