Қызылордада медиация институтын дамыту мәселелері талқыланды

9 Желтоқсан 2019, 12:42 2081

Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен Достық үйінде медиаторлар кеңесінің отырысы өтті. Оған қала, аудандардан келген кәсіби және қоғамдық медиаторлар қатысты.


Медиаторлар отырысының модераторы Қ.Ақылбеков күн тәртібіндегі өңірде медиация институтын дамыту, ҚХА 25 жылдығы аясында аудандық деңгейлерде медиациялық бағыттағы әлеуметтік жобаларды енгізу, жергілікті БАҚ беттерінде медиация бойынша мақалалар жариялау мәселелерін ортаға салды.

«Бітім» медиация орталығының кәсіби тренер-медиаторы Л. Бақтыбаева қалада жүзеге асырылған мектептік медиация бойынша әлеуметтік жобаның нәтижесін тілге тиек етсе, қоғамдық медиатор Т. Сақтағанов облыстық ассамблея жанынан медиацияны насихаттау тобын құру туралы ұсыныс білдірді.

Қалалық қоғамдық медиаторы Н. Құрманғазиев және Қармақшы аудандық қоғамдық медиатор Е.Ұзақбаев қала және аудан көлемінде медиация бойынша атқарылған шараларға тоқталып өтті.


Бөлісу: