Қызылордада достық концерті өтті

27 Қараша 2018, 04:42 1647

Қызылорданың Достық үйінде Өзбекстанның Қазақстандағы жылына орай «Қаны бір елім, жаны бір елім» атты мерекелік концерт өтті.

Ол үшін Өзбекстанның Навои облысынан Қызылорда облысына 20-дан астам өнерпаздар келді. Кеште Өзбекстандағы қазақ әншілерінің әндері шырқалып, өзбек халқының ұлттық билері орындалды. Осылайша, айтулы шарада өнерпаздар Сыр аспанын әнмен көмкерді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар бауырлас халықтардың жақындастығын одан әрі тереңдетуге септігін тигізеді.

Бөлісу: