Қызылорда облысында Конго-қырым безгегінен 4 адам көз жұмды

19 Шілде 2022, 22:03 2270

Облыс бойынша конго-қырым геморрагиялық қызбасымен 33 науқас тіркелді.

Қызылорда облысында биыл 4 адам Конго-қырым геморрагиялық қызбасынан қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz.

Облыс бойынша конго-қырым геморрагиялық қызбасымен 33 науқас тіркелді. Оның 14-інде диагноз зертханалық түрде расталды. Өкініштісі, төрт адам қайтыс болды. Денсаулық сақтау мамандары тұрғындарды табиғатта, далада, мал жүретін аулаларда барынша сақ болуға шақырады.
 
– Қайтыс болған науқастар - Қызылорда қаласы, Жалағаш, Шиелі аудандарының тұрғындары. Қазіргі таңда Конго-Қырым геморрагиялық қызбасымен ауырып, 1 науқас ем алуда. Тиісті медициналық ем шаралары қолданылған 9 науқас қанағаттанарлық жағдайда үйлеріне шығарылды. Конго-Қырым геморрагиялық қызбасын болдырмау, алдын алу шаралары да көптеп жүргізілуде, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Мырзагелдіұлы.

Бөлісу: