Қызылорда облысы Шиелі ауданының әкімі тағайындалды, – деп хабарлайды El.kz.
Бұл қызметке ҚР Президенті Әкімшілігі мен Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының келісімі бойынша және облыс әкімінің өкімімен Нұржан Ахатов тағайындалды.
Нұржан Ахатов 1978 жылы Шиелі ауданында дүниеге келген. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Бухгалтерлік есеп және аудит», Қазақ гуманитарлық заң университетін «құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын Қызылорда облысының статистика жөніндегі есептеу орталығында бастаған. Кейін Шиелі ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы, аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің меңгерушісі, аудан әкімінің орынбасары қызметтерінде болды.
Қызылорда облысы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің бас инспекторы, Қызылорда облысының кәсіпкерлік басқармасы бастығының орынбасары, Шиелі ауданы әкімі аппаратының жетекшісі, Қызылорда қаласы әкімі аппаратының жетекшісі, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары ретінде жауапты қызметтер атқарған.
«Қызылорда» автобус паркі» ЖШС директоры лауазымында қызмет етіп, өндіріс саласында мол тәжірибе жинақтады. Мәслихат депутаты ретінде де қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлесін қосты.
Қазіргі қызметіне дейін «Байқоңыр» ӘКК мекемесін басқарды.