Қызылорда облысында Самара – Шымкент тас жолында қайғылы жол-көлік оқиғасы салдарынан адам көз жұмды, деп хабарлайды El.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
3 қазанда Қызылорда облысының Қармақшы ауданы Шымкент – Самара тас жолының 1573/693 шақырымында автобус пен жеңіл көліктің соқтығысу салдарынан орын алған жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігімен (Автомобильдi басқаратын адамның жол жүрісі қағидаларын бұзып, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соғу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде
Жол апаты салдарынан 5 адам көз жұмды, 4 адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды.
Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда.