Бұл туралы Пoлиция депaртaментінің Кинoлoгиялық қызмет oртaлығы баяндама жасады, деп хабарлайды El.kz.
«Арнайы үйретілген иттер қылмыстардың алдын алу және ашу, қылмыскерлерді іздестіру және ұстау, қоғамдық тәртіпті сақтауда қолданылатын құралдардың бірі ретінде пайдаланылады. Жоғарыдағы көрсеткіш 2021 жылға қарағанда 19%- ға төмен. Кинологтар 2390 істің 294-і есірткі іздеу, иіс сезу бойынша – 182, жарылғыш заттарды іздеу – 849, одорология бойынша – 463 іске қатысқан», – деді кинологиялық қызмет орталығы бастығының орынбасары Рауан Даулетов.
Иттерді өсіру бойынша 2 топ құрылған. Қазіргі уақытта орталықта әртүрлі тұқымды 61 қызметтік ит бар. Неміс овчаркасы, бельгиялық овчарка, төбеттер. Олардың әрқайсысы түрлі бағыттарда жұмыс жасайды.
Штатта 41 қызметкер жұмыс жасайды, оның 10-ы әйел адам. Нәзік жандылар көбіне жарылғыш заттар іздеу мен одоралогиялық бағыттар бойынша қызметтерді атқарады. Жұмыс бабындағы қорқыныш туралы 15 жылдан артық тәжірибесі бар инспектор-кинолог Енсебекова Ақбота бөлісті.
«Қазіргі таңда әрбір салада жұмыс барысы ер және әйел деп бөлінбейді. Әр жұмыстың өз қиындықтары болады. Иттерді үйрету және баптау жаңадан келіп жатқан қыздарымызға қиындық тудыруы мүмкін. Дегенмен, уақыт өте бейімделіп кетеді. Жарылғыш зат болу мүмкін деген қоңырау түскен сәтте ең бірінші болып объектке кинологтар кіреді. Яғни иттер оны не зат екенін анықтауы қажет. Сол сәттерде әрине қорқыныш сезімі арта түседі. Алайда иттер жақсы үйретілген, сондықтан да сеніммен кіреміз», – деді.
Жарылғыш заттарды іздестіру бойынша орталықта Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кинологиялық бөлімшелерінің талаптары аясында тұрақты негізде оқу-жаттығу жиындары өткізіліп отырады. Қызметтік иттерді күтіп-баптау бойынша барлық шаралар жасалады. Оның ішінде, ветеринариялық-санитариялық шаралар, дегельминтизация, вакцинация, сондай-ақ иттерді ұстауға арналған үй-жайларды дезинфекциялау жұмыстары жасалады.
Суреттер: El.kz