02.08.2022
06:49
2274
Ұйымдасқан қылмыстық топтың 23 мүшесі ұсталды

Ұйымдасқан қылмыстық топтың 23 мүшесі ұсталды

Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды El.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті, ҰҚК 5 департаменті және Алматы ПД бірлесіп, Алматы мен Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе және Жамбыл облысында ұйымдасқан қылмыстық топтың 23 адамын ұстады.

Бопсалауға машықтанған күдіктілер Алматы облысының Талғар ауданында ай сайын 300-500 мың АҚШ доллары мөлшерінде пайда тауып отырған. Заңсыз тау-кен фермаларын тінту кезінде қылмыстық топтың 7 мүшесі ұсталды.