06.07.2024
23:40
1451
Юлия Путинцева Уимблдон турнирінде әлемнің бірінші ракеткасын жеңді

Юлия Путинцева Уимблдон турнирінде әлемнің бірінші ракеткасын жеңді

Қазақстан теннисші Юлия Путинцева Уимблдон турнирінде әлемнің бірінші ракеткасын жеңіп, төртінші айналымға шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Отандасымыз турнирдің үшінші айналымында әлемнің 1-ракеткасы, поляк спортшысы Ига Швентекті 3:6, 6:1, 6:2 есебімен жеңді. 

Юлия Путинцева өз мансабында тұңғыш рет «Үлкен дулыға» турнирінің төртінші кезеңіне жетті. Қазақстандық теннисші ширек финалға шығу үшін әлемнің 14-ракеткасы, латвиялық Елена Остапенкомен сынға түседі. Матч 8 шілде күні өтеді.