13.08.2022
08:25
1414
Юлия Путинцева Торонтодағы турнирдің ширек финалына шықты

Юлия Путинцева Торонтодағы турнирдің ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Торонтодағы турнирде жеңіліссіз келеді, деп хабарлайды El.kz.

Жарыстың 1/8 айналымында Путинцева әлемнің 35-ракеткасы, америкалық Элисон Рискені жеңді. Қорытынды есеп – 6:3, 7:5. 

Турнирдің ширек финалында Юлия тағы бір америкалық спортшы Джессика Пегуламен жолығады. 

Еске сала кетейік, Торонтодағы турнирде Путинцева әлемнің үшінші ракеткасы Паула Бадоссаны ұтқан болатын.