Юлия Путинцева Швецияда жеңіске жетті

11 Шілде 2023, 21:37 803

Қазақстанның екінші, әлемнің 56-ракеткасы Юлия Путинцева Швецияның Бастад қаласында челленджер турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 524-орында тұрған швециялық Лиза Заармен өткізді.

Ю.Путинцева бұл матчта 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Сағат жарымнан астам уақытқа созылған бәсеке барысында Юлия эйс жасамағанымен, 8 брейк-пойнттың бесеуін өз есебіне жазды.

Қарсыласы 3 брейктен (10 брейк-пойнт) аса алған жоқ.

Юлия Путинцева ширек финалға шығу үшін әлемнің 125-ракеткасы, америкалық Кэти Волынецпен таласады.

Перизат Саденова
Бөлісу: