23.05.2023
03:44
1259
Юлия Путинцева Рабатта өтіп жатқан турнирде жеңіске жетті

Юлия Путинцева Рабатта өтіп жатқан турнирде жеңіске жетті

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Марокко астанасы Рабатта өтіп жатқан WTA 250 турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Еліміздің екінші, әлемнің 61-ракеткасы жарыстың алғашқы айналымында марокколық Ая Эль-Аунимен бақ сынасты.

Бірінші партияда үш брейк жасаған Юлия Путинцева 6:1 есебімен айқын басымдылық көрсетті. Ол екінші сетте де 3:0 есебімен оқ бойы озық шықты. 

Қазақстандық спортшы 1 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың бесеуін иеленді. Қарсыласы 2 эйс, 1 брейктен (9 брейк-пойнт) аса алмады.

Айта кетерлігі, доданың жүлде қоры 259 303 АҚШ долларын құрайды. Рабаттағы жарыс 27 мамырға дейін созылады.