06.08.2023
12:19
1105
Юлия Путинцева Монреаль турнирінің финалына шықты

Юлия Путинцева Монреаль турнирінің финалына шықты

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Монреаль WTA 1000 турнирінің іріктеу сайысын жеңіспен бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Отандасымыз әлемдік рейтингте 860-орында тұрған канадалық Мия Купреспен кездесіп, бірінші партияда 2:6 есебімен есе жібергенімен, одан кейін айқын басымдылық танытып, жеңіс туын желбіретті. Нәтижесінде 6:2, 6:0 есебі тіркелді. 

102 минутқа созылған тартысты ойында Ю.Путинцева 10 брейк-пойнттың алтауын өз пайдасына шешті. Қарсыласы 3 брейкпен (7 брейк-пойнт) ерекшеленгенімен, жеңіске жету мүмкіндігі төмен болды. 

Енді ол іріктеу сайыстарының финалында аустралиялық Кимберли Биррелмен сайысқа түседі. Оны жеңсе, 7 тамызда басталатын негізгі жарысқа жолдама алмақ.