Теннистен Қазақстан құрамасының спортшысы Юлия Путинцева Аделаидада (Австралия) өтіп жатқан ірі WTA 500 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ширек финалда қазақстандық спортшы ресейлік Диана Шнайдерді (WTA 13) 7:6 (7:3), 6:7 (9:11), 6:4 есебімен жеңді.
Финалға шығу үшін Путинцева америкалық Джессика Пегуламен (WTA 7) кездеседі.
Тағы бір жартылай финалда американдық Мэдисон Киз (№20) бен ресейлік Людмила Самсонова (№26) кездеседі.
Аделаидадағы турнир 2020 жылдан бері өткізіліп келеді, жүлде қоры - 1,06 млн доллар (чемпион 164 мың доллар алады).