Танымал продюсер Баян Мақсатқызының киген киімі мен таққан алқа-моншақтарының, сағатының құны белгілі болды. Блогер Жансая Әміршәріпқызы Tiktok желісінде бер реттік киген киімінің құнын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Блогердің айтуынша, продюсердің үстіне киген джинсалы күртеше «Prado» брендінен. Құны – 925 мың теңге. Майкасы да осы брендтен. Бағасы – 425 мың теңге. Ал туфлиі – «Jimmy choo» брендінен. Бағасы – 800 мың теңге.
Chanel брендінен алған сөмкесі – 2 млн 800 мың теңге. LV бренділі көзілдірігі 280 мың теңге тұрады.
Продюсердің таққан әшекейлері де ерекше қымбат тұрады. Алтынмен жасалып, гауһартаспен әрленген алқасы – Van Cleef зергерлік үйінің өнімі. Бір мотивілі Vintage Allhambra pendant моделі 4 млн 600 мың теңге тұрады. Ал 16 мотивімен 18 млн 700 мың теңгеге бағаланады.
Қолына таққан білезігі Сartier брендінен – 7 млн 350 мың теңге. Сағаты да дәл осы брендтен, 23 млн 350 мың теңге тұрады. Ал жылан формасындағы екі рет оралып, гауһар тастармен көмкерілген сақинасы Bulgari брендінен. Құны – 9 млн теңге.
Сонымен Баян Мақсатқызының бір реттік киген киімінің құны – 68 млн 230 мың теңге.
Tiktok желісінің қолданушылары продюсердің киген киіміне қатысты түрлі пікір білдірді.
«Ысырапшылдық қой, не керек тряпканы бәленбай мыңға алып», «Әр образы пәлен миллион турады, сонда акшаны кайдан алады», «Алып бара жатқан жері жоқ, киімдерінің», «68 млн теңге. Арманымдағы үйді алатын едім ғой», - деп жазды желі қолданушылары.