Ыстықтан қалай қорғану керек

10 Шілде 2023, 19:07 1242

Шілде әдетте ең ыстық ай, Қазгидромет мамандары осы аптада ауа температурасы 43 градусқа дейін жоғарылайтынын айтқан болатын, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Осы орайда ыстықтан қалай қорғану керектігін қаперімізге салып өтсек.

Күннің ең ыстық уақытында – сағат 12-ден 16-ға дейін, аса қажет болмаса, далаға шықпауға және үлкен физикалық күш салуды қажет ететін істермен айналыспауға тырысыңыз.

ҚР ДСМ кеңесіне сәйкес, егер сіз көшеге шығып үлгерген болсаңыз, көлеңкеде көбірек болу үшін маршрутты ойластырыңыз. Ешқандай жағдайда, тіпті балалар мен жануарларды жабық машиналарда аз уақытқа да қалдырмаңыз. Анда-санда салқындауға тырысыңыз, күніне 2-3 сағатты салқын жерде өткізіңіз (мысалы, кондиционері бар қоғамдық ғимараттар).

Мамандар қатты ыстықтаудан және сусызданудан аулақ болуға шақырады. Табиғи маталардан, жақсырақ ашық түстерден жасалған жеңіл және кең киім киіңіз, жеңіл шляпалар, күннен қорғайтын көзілдірік киіп, өзіңізбен бірге су бөтелкесін алып жүріңіз.

Организмді сусызданудан қорғау үшін үнемі су немесе жылы шай, бірақ суық емес жеміс шырындарын ішу керек.

Теріге күнге күюге қарсы заттарды жағыңыз, косметиканы көп қолданбаңыз.

Ыстық ауа-райында рационнан майлы, қуырылған және тәтті тағамдарды алып тастауға тырысыңыз. Мәзірде жеңіл тағамдар– көкөністер, жемістер, қайнатылған немесе бұқтырылған балық, тауық еті, салқын сорпалар мен окрошкалар болуы керек. Санитариялық гигиена ережелерін есте сақтаңыз - көкөністер мен жемістерді ағынды сумен, етпен, балықпен мұқият жуыңыз.

Алкогольді (соның ішінде сыраны) тұтыну ұсынылмайды, құрамында кофеині бар сусындар, сонымен қатар ағзадағы метаболикалық процестерді бәсеңдететін сусындар мен газдалған сусындар шөлді қандырмайды.

Егер әдеттен тыс белгілер пайда болса және симптомдар сақталса, дәрігерге қаралыңыз. Егер сіз адамның құрғақ, ыстық терісі, психикалық қозу белгілері, құрысулар бар екенін байқасаңыз, сондай-ақ есінен танып қалса, дереу дәрігерге хабарласыңыз немесе «жедел жәрдем» шақырыңыз.

Берік Арманов
Бөлісу: