Ыстықкөлде жан түршігерлік жол апатынан 8 адам қаза тапты

14 Тамыз 2023, 17:30 1023

Ыстықкөл облысында ірі апаттан 8 адам қаза тапты, олардың арасында балалар да бар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақпараттың хабарлауынша, Қырғызстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі аталған оқиғаны растаған.

Қайғылы оқиға тамыздың 12-сінен 13-іне қараған түні Ыстықкөл облысының Тоң ауданындағы Бішкек-Балықшы тас жолында болды. BMW және Audi маркалы екі көлік соқтығысқан. Салдарынан 6 адам зардап шегіп, 8 адам қаза тапты.

Равиль Ашығали
Бөлісу: