Ыстанбұлдағы бас консулдық қазақстандықтарды есепке алып жатыр

11 Ақпан 2023, 08:17 1073

Тіркелу шұғыл байланыс орнатуға мүмкіндік береді

Қазақстанның Ыстанбұлдағы консулдығы Түркияда тұрып жатқан қазақстандықтарды тіркелуге шақырды, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Құрметті Қазақстан азаматтары! ҚР Ыстанбұл қаласындағы бас консулдығы өзіне қарасты консулдық округтің аумағында (Айдын, Балыкесір, Бартын, Бурса, Дүзже, Зонгулдак, Едірне, Измир, Кыркларелі, Қожаелі, Кастамону, Маниса, Сакария, Синот, Текирдағ, Ыстанбұл, Чанаккале, Ялова) тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан азаматтарының есебін жүргізіп жатыр. Қазақстандықтардың есептік деректері тек қана олардың құқықтары мен заңды мүддесін, сондай-ақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында пайдаланылатынына назар аударамыз, - делінген хабарландыруда.

Аталған елде қандай да бір төтенше жағдай туындайтын болса, қазақстандықтардың мекенжайы туралы мәліметтер олармен шұғыл байланыс орнатуға және одан әрі іс-қимыл мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

Осыған байланысты аталған консулдық есепке тіркелу мақсатында мына сауалнаманы толтыруды өтініп сұрайды.

EL.KZ
Бөлісу: