29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыТүркияның Pegasus Airlines лоукостеры Ыстанбұлдағы қарға байланысты Сабиха Гөкчен әуежайына 200-ден астам рейсін тоқтатты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Түркияның оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісі болған уақытта Ыстанбұлда дауылды желмен бірге қар жауды.
Ауа райына байланысты екі күнде 200-ден астам рейс тоқтатылған. Бакуге, Шарм-эль-Шейхке және Еуропаның көптеген қалаларына, ал ішкі рейстер – Анкара, Аданаға әуе рейстері ұшпады. Сонымен қатар, Turkish Airlines баспасөз қызметі компанияның 6 ақпанға жоспарланған 170 рейсті тоқтатқанын хабарлады.
«Әуе компаниясының жолаушылары билеттерді басқа күнге тегін айырбастап немесе билеттен бас тартып, ақшаны қайтара алады. Сонымен бірге компания биліктің шешіміне байланысты ауа-райының қолайсыздығына байланысты тоқтатылған рейстердің саны артуы мүмкін екенін ескертті», - делінген ақпаратта.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек