Ыстамбұлдағы елшілік алдында қазақстандықтар дауыс беру үшін кезекте тұр

6 Қазан, 11:14 259

Түркияның Ыстамбұл қаласында АЭС салу мәселесі бойынша өтіп жатқан жалпыұлттық референдумда дауыс беру басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ыстамбұлда жұмыс бабымен, оқу үшін барған қазақстандықтар саны көп. Олар елден жырақта жүрсе де, азаматтық ұстанымын аңғарту үшін дауыс беру учаскелеріне көптеп жиналған. Әлеуметтік желіде тараған видеодан Ыстамбұлдағы елшілігіміздің алдында адамдар кезекте тұрғанын байқауға болады.

Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанынан әлемнің 59 елінде дауыс беру үшін 74 учаске құрылғанын айтты.

Айта кетейік, республикалық референдумға барлығы 177 халықаралық бақылаушы аккредиттелген, оның ішінде 4 ірі халықаралық ұйымдардан 102 бақылаушы және 30 шет мемлекеттерден 75 бақылаушы бар.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: