Қыс пен күздің кездескен сәті – Покров мерекесі

22 Қазан 2019, 15:01 2390

Петропавлда жыл сайын 13 жыл бойы Покров мерекесі аталып өтеді. Бұл күні облыс орталығына Солтүстік Қазақстан облысының барлық аудандарынан шығармашылық ұжымдар келеді, ал Ресей Федерациясының өкілдері шараға екінші жыл қатарынан қатысуда.


Петропавл және Булаев Епархиясының Протоиерейі Сергий мерекені өткізуге батасын беріп, Покров күнінің тарихына шолу жасады. Покров өз балаларын қорғаған Қасиетті Пресвятая Богородицаның бейнесімен байланысты екені белгілі.

Барлық қатысушыларды Қазақстанның орыс, казак және славян ұйымдары үйлестіру кеңесінің төрағасы, біртұтас казак одағының жоғарғы Атаманы Юрий Захаров құттықтап, өткізіліп отырған мерекенің маңыздылығын атап өтті. Оның мәні тек қатысушы ұжымдардың санымен ғана емес, сонымен қатар жыл сайын өсіп келе жатқан көрермендердің санымен дәлелденеді.


Мерекенің қонақтары Ресей Федерациясының Қорған және Түмен облыстарының ұжымдары болды. Түмен облысы қазақтарының ұлттық-мәдени автономиясының төрағасы Есенғали Ыбраев баршаға қошамет көрсеткендері үшін зор алғысын білдірді.

«Солтүстік Қазақстан мен Түмен облыстары арасындағы ынтымақтастық туралы қолданыстағы келісім аясында біз өзара мәдени алмасуды нығайтуға және арттыруға тырысамыз. Солтүстікқазақстандықтар бізге дәстүрлі ұлттық Құрылтай мерекесіне келсе, өз кезегінде біз Петропавлға Покров мерекесінде келіп тұрамыз», – деді спикер.


Ұйымдастырушылырдың ақпаратына сәйкес ұзаққа созылған концерттік бағдарламада Петропавл қаласының православиелік хорлары, аудандық шығармашылық ұжымдар, жергілікті халық ансамбльдері, сондай-ақ Қорған мен Түменнен келген қонақтар өнер көрсетті. Әрбір шығармашылық нөмір славяндардың шексіз, керемет мәнерлі, өзіндік халық шығармашылығын танытатын терең мазмұнға толы болды.

Мереке соңында «Қазақстанның орыс қауымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Солтүстік Қазақстан филиалының төрағасы Николай Авдеев концерттік бағдарламаның барлық қатысушыларын құттықтап, оларды Алғыс хаттармен марапаттады, ал Ресей Федерациясынан келген қонақтарға естелік сыйлықтар табыс етілді.

Естеріңізге сала кетейік, сенімдерге сәйкес, егер Покров күні қар түссе, онда жақын арада суық түседі деген ұғым бар. Дәл осы уақыттан бастап, славян этникалық топтарының өкілдері үйде от жағып, дала жұмыстарын аяқтайды.

Бөлісу: