Ырғыз ауданында бөгетті нығайту жұмыстары жалғасуда

2 Маусым, 13:05 607

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданындағы Құйлыс ауылында бөгетті нығайту жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Төтеншеліктердің мәліметінше, ауылда тәулігіне 3300 қап төселді. Облыстық ТЖД және 20982 әскери бөлімінің қызметкерлері жұмыстарды жалғастыруда. 

Біз бұған дейін су тасқыны кезінде республика бойынша эвакуацияланған 63 063 адам үйлеріне оралғанын жазған болатынбыз.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: