Қырғызстан казиноны заңдастырды

24 Маусым 2022, 04:27 880

Бұл заң дәстүрлі ойын мекемелеріне ғана емес, сонымен қатар онлайн-казиноларға және осы қызмет түрін жарнамалауға рұқсат береді.

Казиноларды Ыстықкөлдің жағалауынан ашу жоспарланып отыр. Оған 21 жастан жоғары шетел азаматтары ғана кіре алады, деп хабарлайды EL.KZ Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Жогорку Кенеш депутаттары екінші және үшінші оқылымда Қырғызстандағы ойын мекемелерінің қызметін заңдастыру туралы заң жобасын мақұлдады.

Бұл заң дәстүрлі ойын мекемелеріне ғана емес, сонымен қатар онлайн-казиноларға және осы қызмет түрін жарнамалауға рұқсат береді.

ҚР-дағы ойын қызметі кәсіпкерлік қызметтің лицензиялауға жататын түрі болады. Лицензиялау ақылы негізде жүзеге асырылатын болады. Жоба бойынша ҚР Министрлер кабинеті лицензияның төлем мөлшерін анықтайды.

Казиноның жұмысына Қырғызстанда 2012 жылдан бастап, ал букмекерлік кеңселер мен тотализаторларға 2015 жылдан бастап тыйым салынды. Мемлекет мүлкі мен жиған ақшасынан ұтылған адамдардың туыстарының көптеген наразылықтарынан кейін осындай шешім қабылдауға мәжбүр болды.


Бөлісу: