Қырғыз соты Алмазбек Атамбаевты ақтады

28 Маусым 2022, 21:52 1146

Мұндай шешім бүгін ел астанасының Первомай аудандық сотында өткен отырыста шығарылды.

Сот барлық айыпталушыларды 2020 жылдың қазан айында тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру ісінде қылмыс құрамының болмауына байланысты ақтады, деп хабарлайды El.kz порталы Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Мұндай шешім бүгін ел астанасының Первомай аудандық сотында өткен отырыста шығарылды.

Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы тарап бәрін кінәлі деп тануды сұраған болатын. Президент аппаратының бұрығы басшысы Фарид Ниязов сот залында қамаудан босатылды. Бұрынғы президент Алмазбек Атамбаев тәртіпті бұзғаны осы іс бойынша өткен үшін сот залынан шығарылды.

Айта кетсек, 2020 жылдың 5-6 қазанында ел астанасында Жогорку Кенеш депутаттарын сайлау қорытындыларын бұрмалауға қарсы жаппай наразылық шерулері өткен болатын. Осыдан кейін жаппай тәртіпсіздіктер орын алып, салдарынан азаматтар зардап шекті. Колониялардан бірқатар сотталған саясаткерлер шығарылды. Оның ішінде бұрынғы президент Алмазбек Атамбаев та бар. Ол қылмыс серкесі Азиз Батукаевты заңсыз бостандыққа жібергені үшін 11 жылға сотталған болатын. Кейін 2020 жылдың қазан айында жаппай тәртіпсіздіктер бойынша қылмыстық іс жүргізу аясында Алмазбек Атамбаев, президент аппаратының бұрынғы басшысы Фарид Ниязов, МҰҚК бұрынғы қызметкері Қанат Сағымбаев, ІІМ басшысының бұрынғы орынбасары Курсан Асанов, белсенді Темірлан Сұлтанбеков және саясаткер Жениш Молдокматов ұсталды.

Бөлісу: