Әйелдердің зейнет жасы туралы жаңалықты асыға күттік - Наталья Дементьева

1 Қыркүйек 2022, 13:19 5750

Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығуы 61 жас деңгейінде бекітіледі

Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Наталья Дементьева 2028 жылға дейін бекітілген әйелдердің зейнет жасы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz

«Әр елдің экономикалық мүмкіндігі өзінше бөлек. Біз өзіміздің экономикамызға қарауымыз қажет. Осы жаңалықты біз бәріміз асыға күттік. Бұл қабылданған шешім өте орынды. Биыл көптеген әйелдер 61 жасында зейнетке шығады. 2028 жылға дейін мерзім көтерілмейді», - деді Наталья Дементьева. 

Айта кетсек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдаған үндеуінде әйелдердің зейнет жасын алдағы 5 жылға дейін созу туралы сөз қозғады. 

«Сонымен қатар әлеуметтік сұранысты ескере отырып, әйелдер үшін зейнеткерлік жас деңгейі 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде белгіленеді. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының тиімді инвестициялық стратегиясын әзірлеу қажет», - деді мемлекет басшысы.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: