19.09.2022
12:10
1172
Әйелдер теннисі қауымдастығы жаңартылған әлемдік рейтингіні жария етті

Әйелдер теннисі қауымдастығы жаңартылған әлемдік рейтингіні жария етті

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған әлемдік рейтингіні жария етті, деп хабарлайды El.kz.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина үш сатыға жоғарылап, 22-орынға жайғасты.
Еліміздің үздік теннисшісі Словениядағы Порторож жарысының финалына дейін жетуі арқасында рейтингілік ұпай санын 1855-ке жеткізді.
Е.Рыбакина бүгін басталған Токио WTA 500 турнирінде сәтті өнер көрсетсе, рейтингісін жақсарта алады. Ол ертең әлемнің 30-ракеткасы, ресейлік Людмила Самсоновамен алғашқы айналымда кортқа шығады.
Әлемдік рейтингіде тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева 36-дан 41-ге төмендеді.
Жұптық сында Анна Данилина 20-орнында қалса, Е.Рыбакина 102-ден 100-сатыға ілікті.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жібек Құламбаеваның биылғы бесінші титулына қол жеткізгенін жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Елена Рыбакина Словениядағы турнирдің финалында ұтылып қалды.
Теннистен Дэвис кубогында Қазақстан құрамасы соңғы матчын өткізді.