22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыИсабель атымен танымал, Мария Эстела Мартинес де Перон – әлемдегі тұңғыш әйел-президент. Аргентинаның бұрынғы президенті Хуан Перонның үшінші әйелі, және 1974-1976 жылдары Аргентинаның бірінші әйел президенті. Болашақ күйеуімен Панамада түнгі клубта биші болып істегенде танысты. Онымен бірге 1960 жылы Испанияға көшті. Шіркеудің қысымымен Перон өзінен 35 жас кіші Исабельге үйленуге мәжбүр болды. Бүгінгі күні бірінші әйел-президент 83 жаста.
60 жастағы Пак Кын Хенің Оңтүстік Кореяда өткен президент сайлауында жеңіске жетуі осы патриархалды мемлекет үшін үлкен сенсация болды. Баспасөзде оның Кореяның экс-президенті, генерал-диктатор Пак Чжон Хидің қызы екендігі, күйеуге ешқашан шықпағандығы туралы жарыса жазды. Пак Кын Хе 22 жаста болғанда, оның әкесіне қастандық жасалған сәтте анасы қаза табады, осы сәттен бастап ол бірінші ханым рөлінде болуға мәжбүр еді. Пак өзінің адалдығымен, принциптілігімен белгілі. Әріптестері айтқандай, «ол өз жақындарын тастамайды, бірақ опасыздық жасағандарды кешірмейді». Оны жеке танитын адамдардың сөзіне сенсек, Пак жұмсақ мінезді жан. Оңтүстік Корея Президенті 5 жылға бір мерзімге сайланады.
Тарья Каарина Халонен – Финляндияның тұңғыш әйел президенті. 2001 жылдың 1 наурызында президенттіктің алғашқы жылының аяқталуына орай халықтың 70% оның жұмысына оң баға берді. 2006 жылы екінші мерзімге сайланды. Тарья жүзумен, бейнелеу өнерімен айналысады және мысықтарды жақсы көреді.
Ангела Меркель – Германия тарихындағы бірінші әйел федералды канцлер. 36 жасында ол Гельмут Кольдің кабинетіндегі ең жас министр болды. Forbes журналы Ангела Меркельді соңғы үш жылда ең ықпалды әйел деп жариялады. Ол екі рет күйеуге шыққан, балалары жоқ. Неміс көшбасшысының шын тегі – Каснер. Өзінің бүгінгі тегі ол бірінші күйеуі физик Ульрих Меркельдің тегі. Ангела онымен студенттік жылдары танысты. Меркельдің екінші күйеуі – химик Йоахим Зауэр.
Дилма Ванна Руссефф – Бразилияның тұңғыш әйел-президенті. 2011 жылдың 1 қаңтарынан Бразилияның 36-шы президенті ретінде лауазымына кірісті. Руссеф шұғыл мінезді әйел болып саналады. Оның бір сөзі бар: «Мен, әлсіз министрлер қоршаған күшті әйелмін». Ол солшыл еңбеккерлер партиясының мүшесі. Дилма Ванна Руссефф мамандығы бойынша экономист. Ол екірет күйеуге шыққан, бүгінгі таңда ажырасқан. Екінші күйеуінен қызы бар.
Даля Грибаускайте – Литва тарихындағы тұңғыш әйел-президент. 2009 жылы лауазымына кірісті. Жақында өткен сайлауда қайтадан жеңіске жетті. Ол Литва Республикасының 10-шы президенті болып табылады. Даля Грибаускайте күйеуге шықпаған. Балалары жоқ. Каратеден қара белбеу иесі.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев