Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Ядролық медицина және онкология орталығы» ШЖҚ МКК қызметкерлерінің өтінішіне қатысты жағдай өңір әкімінің бақылауына алынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Денсаулық сақтау басқармасына жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасары Шалқар Байбеков орталықта қалыптасқан жағдаймен танысу, сондай-ақ ведомствоаралық мониторингтік жұмыс тобының міндетін түсіндіру үшін ұжыммен кездесіп, қызметкерлерді толғандырған сұрақтарға тиісті жауап берді.
Айта кетсек, орталық ұжымы ішіндегі қалыптасқан жағдайды және осы кәсіпорынның қызметін жан-жақты және объективті зерделеу мақсатында облыс басшылығының тапсырмасына сәйкес ведомствоаралық мониторингтік жұмыс тобы құрылды, оның құрамына уәкілетті салалық мемлекеттік органдар кірді.
Осы мониторингтік топтың міндеті – жағдайды алдын ала зерделеу, сондай-ақ жүргізген арнайы бақылау жұмыстарының қорытындысы нәтижесінде қадағалау және уәкілетті мемлекеттік органдардың салалық тексерулер жүргізу жөнінде тиісті ұсыныстар береді.
Сонымен қатар, барлық тексеру іс-шараларының қорытындысы қолданыстағы заңнама аясында тексеру жүргізу және процессуалдық шараларды қабылдау үшін тиісті органдарға жолданатын болады.
Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары