Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан маусымның ең маңызды турнирі - WTA қорытынды жарысында жартылай финалға шыққан теннисшілер анықталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Штеффи Граф атындағы топта әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко (Беларусь) америкалық Кори Гауфты 7:6 (7:5), 6:2 есебімен жеңіп, топтық кезеңді үш жеңіспен аяқтады. Енді ол Серена Уильямс тобының екінші сатысын иеленген АҚШ өкілі Аманда Анисимовамен финал жолдамасы үшін кортқа шығады.
Қазақстандық Елена Рыбакина да өз тобында үш кездесудің бәрінде жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алған болатын. Әлемнің алтыншы ракеткасы саналатын Рыбакина енді америкалық Джессика Пегуламен күш сынасады. Пегула соңғы матчында италиялық Жасмин Паолиниді 6:2, 6:3 есебімен ұтқан.
Айта кетейік, өткен жылы бұл турнирдің жеңімпазы атанған Кори Гауфф биыл топтық кезеңнен өте алмай қалды.