Wizz Air Abu-Dhabi әуе компаниясы Түркістанға ұша бастайды

13 Желтоқсан 2023, 23:03 672

Көлік министрлігіне қарасты Азаматтық авиация комитетімен халықаралық бағыттар бойынша ұшу географиясын кеңейту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар өз жалғасын табуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Осылайша, келесі жылдың 16 қаңтарынан бастап Wizz Air Abu - Dhabi әуе компаниясы Түркістан – Әбу-Даби бағыты бойынша тұрақты рейстерді іске қосады. Рейстер Airbus A321 үлгісіндегі әуе кемелерінде аптасына 3 рейс жиілігімен орындалады деп жоспарланып отыр. Атап айтқанда, аталған рейстер сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері жүзеге асырылатын болады.

Жаңа әуе бағыты бойынша рейстерді іске қосу Түркістан қаласының тұрғындарына Әбу-Даби қаласы арқылы транзитпен басқа бағыттар бойынша одан әрі ұшуға мүмкіндік береді. Жаңа халықаралық әуе бағытының ашылуы Қазақстан мен БАӘ арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туризм және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етпек.

Перизат Саденова
Бөлісу: